Алладан баска кулшулыкка лайыкты танир жок Мужиб ибн Муса әл-Асбаһани былай деген: «Бірде мен Меккеге қарай сапар шегіп бара жатқанымда Суфиян әс-Сауримен бірге болдым. Жолда келе жатқанымызда ол көзіне жас алып жиі жылай берді. Мен оған: “Әй, Әбу Абдуллаһ! Күнәларың көптігінен қорқып жылап жатырмысың?" - деп сұрадым. Сонда ол зембілден бір шыбықты суырып алды да, лақтырып жіберіп: “Күнәларым мен үшін мына шыбықтан гөрі жеңіл, бірақ та мен таухидтен қол үзіп қаламын ба деп қорқамын!" - деді». (Әбу Ну'айм «Ахбар әл-Асбаһан» 1923). Шейх 'Абдурразақ әл-Бадр (оған Аллаһ есендік берсін) осы хабарды келтіргеннен кейін былай деген: «Таухид — бұ дүниедегі ең құнды, аса бағалы нәрсе. Байлар бақ-дәулетімнен айрылып қаламын ба деп қатты қорқып жүрсе, таухидті ұстанушылар таухидтен айрылып қаламын ба деп одан да көбірек,қаттырақ қорқады. Егер қарақшылық, тонау, дүние-мүліктің шығынға ұшырауымен байлардың қорқуы арта түссе, фитналар мен тура жолдан тайдыратын азғырулардың артуымен таухидті ұстанушылардың қорқуы ұлғая түседі! Бүгінгі күні ондай бүліктер өте көп. Аллаһым, сақтай гөр, бізді сақтай гөр!» http://al-badr.net/muqolat/2735

Теги:

Теги других блогов: