🔥 АЛЛАДАН ӨЗГЕ БІРЕУГЕ ҚҰРБАН ШАЛУ — АЛЛАҒА СЕРІК ҚОСУҒА ЖАТАДЫ 🔥 Аллаһ Тағала былай дейді: ( فَصَلِّ لِرَبِّكَ وَانْحَرْ ) «Раббың үшін намаз оқы, құрбан шал!» (Кәусар сүресі, 2-аят). Аллаһ Тағаланың бұйырған нәрселерінің барлығы құлшылық болып саналады. Себебі, құлшылық дегеніміз – адамның жанымен, тәнімен атқаратын, Аллаһ жақсы көретін, разы болатын сөздер мен амалдар. Аллаһ Тағала намаз оқы деп бұйырды, демек адамның намаз оқығанын Аллаһ жақсы көреді, оған разы болады. Аллаһ намаз оқығанымызға разы болса, ол құлшылық болып есептеледі. Дәл сол секілді Аллаһ құрбан шалуды бұйырды. Аллаһ бір нәрсені бұйырса, ол құлшылық болғаны. Кім осы құлшылықтарды істесе, сауап алады. Осы аяттан намаз оқу мен құрбан шалу – құлшылық екенін білдік. Бізде құлшылыққа байланысты ең басты қағида бар: ҚҰЛШЫЛЫҚТЫ ТЕК АЛЛАҒА ҒАНА АРНАУ. Кім аятта айтылған осы екі құлшылықты Алладан өзге біреуге арнаса, Аллаға серік қосқан болады, әрі діннен шыққан кәпір болады. Намазды Аллаға емес, басқа біреуге арнап оқу – күпірлік болғаны секілді малды сойған кезде оны Алладан басқа біреуге, мысалы әруақтарға, ата-бабаға арнау — Аллаға серік қосу болып табылады. Өкініштісі, қазіргі таңда көптеген қазақтар малды Аллаға арнап емес, ата-бабаға, әулиелерге арнап сояды. Бұның бәрі Аллаға үлкен серік қосуға жатады.

Теги других блогов: намаз Аллаһ құрбан шалу