🔥 АЛЛАДАН ӨЗГЕ БІРЕУГЕ АРНАП МАЛ ШАЛҒАН КІСІГЕ АЛЛАНЫҢ ЛАҒЫНЕТІ ЖАУАДЫ 🔥
‘Али ибн Әбу Талиб (оған Аллаһ разы болсын) былай деп баяндаған:
( قال أمير المؤمنين علي بن أبي طالب رضي الله عنه حفظت من رسول الله صلى الله عليه وسلم أربع كلمات: "لعن الله من ذبح لغير الله ولعن الله من لعن والديه، ولعن الله من آوى محدثا، ولعن الله من غير منار الأرض" )
“Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) маған төрт нәрсені айтты: «Алладан өзге біреуге арнап мал сойған кісіні Аллаһ лағынет етсін! Өз ата-анасын лағынеттейтін кісіні Аллаһ лағынет етсін! Қылмыскерге (немесе бидғатшыға) пана беретін кісіні Аллаһ лағынет етсін! Жердің шекарасын өзгертетін адамды Аллаһ етсін!»”
(Муслим 1978, ән-Насаи 7/232).
Аталмыш хадисте төрт санаттағы адамдарға Алланың лағынеті жауатыны жайында баяндалған. Әуелгісі, Алладан басқа біреуге арнап мал шалған адам. Яғни, кісі Жаратушыға емес, жаратылысқа жақындайын деген ниетпен оған мал шалады. Ондай кісінің басына Алланың лағынеті жауады. Себебі, ол мал шалу атты құлшылықты Алладан өзге біреуге арнап, Аллаға серік қосып жатыр. Аллаға серік қосатын кісілер — Алланың лағынетіне жолығады. Өкініштісі, көп қаракөз қазақтарымыз әулиелерге, әруақтарға арнап мал шалып, кешірілмес күнә істеп, Алланың лағынетіне душар ететін дертке шалдығып жүр. (Ата-бабаға арнап мал шалу деген ширктің алдын алу үшін немес білместікпен істеп қойғандар болса, тәубесіне келуі үшін осы жазбаны кең таратуға шақырамыз).
Хадисте айтылған екінші адам — ата-анасын лағынеттейтін, немесе ата-анасына тіл тигізетін, немесе ата-анасына басқа біреудің тіл тигізуіне себеп болатын адамға Алланың лағынеті жауады. Расында, ата-анаға тіл тигізу — Алланың қарғысына ұшыратады.
Хадисте дінге жаңалық енгізген немесе қылмыскер бұзақы адамға пана беретін кісіге де Алланың лағынеті жауатыны айтылған. Шын мәнінде, дінге жаңалық енгізу, қылмыс жасау – аса ауыр күнәлардың бірі. Дінге жаңалық енгізген адамға немесе қылмыскерге пана берген кісі Алланың қарғысына лайық болып жатса, сол бидғаттың немесе қылмыстың өзін істейтін адамның жағдайы қалай болмақ?! Бидғатпен немесе қылмыспен айналысатын адамның соңғы аялдамасы — Тозақ оты! Ал біреу оған пана беретін болса, пана берген кісі де Алланың лағынетіне ұшырайды
Хадисте жердің шекарасын өзгертетін адамға Алланың лағынеті жауатыны да айтылған. Көбінесе, мұндай жайт көршілердің арасында орын алып жатады. Бірінің жеріне бірі хақысыз орналасып, жердің шекарасын өзгертіп жатады. Бұл да ауыр күнәлардың бірі.